Новости

Алданған клиент туралы және оның қауіпсіздігі үшін күрес туралы шынайы оқиға

Жаңалықтар
Қараша айының басында Айдос есімді Альфа-Банктің клиенті алғаш рет "Альфа-Банк Қазақстан" мобильді қосымшасына кіріп, 500 000 теңгені басқа банктің шотына аударуға тырысты. "Антифрод" қорғаныс жүйесі бұл әрекеттерді күдікті деп санады және аударымды тоқтатты. Дәл осы сәттен бастап Банк Клиенттің ақшасын сақтап қалу үшін алаяқтармен табанды күресі бастады.

Алғашқы күдік
Сәтсіз аударымнан кейін банк қызметкері Айдосқа бірден хабарласып, осындай жағдайларда қойылатын стандартты сұрақтар қойды. Айдоспен сөйлесудің алғашқы минуттарынан бастап біздің қызметкеріміз күдіктенді: клиенттің жауаптары мен дауысында сенімсіздік естілді. Ол Айдосқа мобильді қосымшаның және аударымдардың уақытша бұғатталғаны туралы хабарлады және банктің байланыс орталығына хабарласуды ұсынды. Әңгімеден кейін клиент байланыс орталығына қоңырау шалып, толық сәйкестендіруден өтіп, құлыпты алып тастауды өтінді. Айдос шұғыл түрде "досына"ақша жіберу керектігін айтты.

Алаяқтар қалай ұсталып қалды
Банк қызметкері Айдосқа тағы да хабарласып, әңгімелесу барысында онымен бірге біреу қатар сөйлеп жатқанын байқады - олар банктің клиентіне не айту және не істеу керектігін айтып жатқандай көрінді. Осы жерде ешқандай күмән қалмады, Айдосқа алаяқтар қауіп төндіріп жатыр.

Банк қызметкері дауыстарды естігендіктен, клиенттің ақшасын қорғау үшін ол қосымшаны және аударымдарды ашу туралы өтінішті ертең қарастыратынын айтты. Алайда Айдос табанды болып, келесі 4 сағат ішінде мобильді қосымшаның құлпын ашуды талап етті.

Сырттай қарағанда банк бұны клиентке ақша қажет кезде, әдейі істеп жатқандай көрінді. Ал шынында - банк оны қорғап қалуға тырысты.

Түйіні
Келесі күні банк қызметкері Айдосқа тағы да хабарласты. Әңгіме барысында клиент оған белгісіз тұлғалар қоңырау шалып, өзін Халық банкінің қызметкерлері деп таныстырғанын мойындады. Олар бір алаяқтар Айдостың атынан несие алуға тырысқанын және кейінірек мәселені шешу үшін қауіпсіздік қызметкерлері онымен байланысатындығын хабарлаған. Бірнеше минуттан кейін белгісіз біреулер WhatsApp-қа қоңырау шалып, "Альфа-Банк Қазақстан" мобильді қосымшасын орнатуды талап еткен. "Ресімделген несиені жою керек, ол үшін оны тағы бір рет рәсімдеу керек" деп айтқан. Шынын айтқанда, бірінші несиені жою үшін екіншісін алу керек деген қисынсыз әңгіме. Бірақ Айдос сеніп қалған.

Мұндай жағдайларда адам логикасын қосқаннан гөрі, өз ақшасынан қорғауды алға қояды. Бұл жағдайда оны басқару оңай, осылайша алаяқтар осы жағдайды пайдаланады. Олар тіпті ойлануға мүмкіндік бермейді, қорқытады және адам зомби сияқты күйге түседі.

Алаяқтардың ақшаны белгісіз шоттарға аударуға тырысқанына қарамастан, "Антифрод" командасы шабуылдаушылардың ойын біліп қойды. Айдосқа жағдайды түсіндіріп, ешқандай несие жоқ екенін және қылмыскерлерге ақша жіберіп қоя жаздағанын айтылды. Жағдай сәтті шешілді.

Есіңізде болсын: мұндай жағдайларда үрейленбеңіз және асығыс шешім қабылдамаңыз. Егер сізге өз атыңызға несие алуға сендіріп жатса немесе көндірсе оған сенбеңіз. Қоңырау шалушылар өздерін таныстырған банкке қоңырау шалыңыз және жағдайды баяндап беріңіз.

Алаяқтардың құрбаны болмау және мұндай жағдайларды болдырмауды Сіз "Антифрод" блогының мақалаларынан, "Жаңалықтар" бөлімінен біле аласыз . Ештеңеден құр қалмас үшін blog.alfabank.kz сайттағы жаңалықтарға жазылыңыз.
Сақтансаң сақ боларсың!