Новости

Туған күніңмен, банкомат, немесе ПИН-кодта неліктен төрт нөмір бар?

Жаңалықтар
Джонға ақшаны алу үшін банкке уақытында жету қажет болды. Ол бөлімшеге дейін жетіп барғанда, күзетші есікті тарс етіп жапты.

«Бұл қалай сонда?! Әр адам ақшасын шоттан қалаған кезде алу мүмкіндігіне ие болуы керек. Өйткені, әр түрлі жағдайлар болады», – деп ашуланды.

«Егер шоколад сататын автоматтар бар болса, онда ақша алуға болатын осындай құрылғылар да болуы қажет», - деп еске алады банкоматтың өнертапқышы Джон Шепард-Баррон.

Джон Барклайс банкінің басшылығына барып, сол жерде келісімшартқа қол қойды. Дәл сол жерде, Лондонның солтүстігіндегі Энфилд көшесінде орналасқан Барклайс бөлімшесінде 1967 жылы 27 маусымда әлемдегі алғашқы банкомат орнатылды. Машина De La Rue Automatic Cash System (De La Rue автоматты кассалық жүйесі) немесе DACS деп аталды.

Бірінші банкомат Barclays банкі үшін 18 мың АҚШ долларына тең соманы құрады.




Ол кезде пластикалық карталар болмаған еді. Олардың орнына әлсіз радиоактивті көміртекпен өңделген арнайы чектерді қолдану туралы шешім қабылданды.

Чекті «жеп болғаннан кейін», автоматқа ПИН-код енгізу керек болатын – бұл да Джонның ойлап тапқаны. Төрт сан – оның жұбайы тек осынша санды ғана есте сақтай алатын.

Алғаш рет төрт нөмірден тұрған PIN-код британдық Barclays банкінің банкоматында қолданылды.

Джон Шепард-Барронның өнертабысы Британ империясының Орденімен марапатталды.

Клиенттің ақшасын қорғау банктердің міндеті болып табылады, өйткені алаяқтар мен айлакерлер барлық жерде кездеседі. Алаяқтар да ойлап табады, бірақ Джон Шепард-Барроннан айырмашылығы, олар басқалардан ақша ұрлаудың жолдарын табады.

Сондықтан ақша алу үшін банкоматқа жақындаған кезде бірнеше қарапайым ережелерді сақтаңыз:

  • мүмкіндігінше көшедегі банкоматты емес, ғимарат ішіндегісін пайдаланыңыз
  • банкоматты күдікті құрылғылардың – корпусқа мықтап бекітілмеген скиммерлердің, қаптамалардың немесе банкомат пернетақтасына бағытталған камералардың бар-жоғын тексеріңіз
  • кодты енгізу кезінде пернетақтаны қолыңызбен жабыңыз
  • SMS-ақпараттандыруды қосыңыз және қолма-қол ақша алуға шектеулер қойыңыз
  • егер банкоматта қаскүнемдердің құрылғылары бар деп күдіктенсеңіз, дереу банкке қоңырау шалып, бұл туралы хабарлаңыз