Новости

Микроқаржы ұйымдарындағы онлайн-қарыздар

Жаңалықтар
Интернеттегі алаяқтық күн сайын айналымды арттырып, одан сайын күрделеніп бара жатыр. Микрокредиттік ұйымдардан онлайн-қарыздар алу - интернет-алаяқтықтың ең танымал түрлерінің біріне айналды. Микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) жарнамаларында шағын сомаға жылдам онлайн-қарыз беруге уәде береді.

Алаяқтар бұл жерге де жетіп алған! Олар бір қарағанда шын сайттардан еш айырмашылығы жоқ жалған сайттар жасайды. Адам белгісіз сайтта өз деректерін енгізе отырып, жеке деректерін жария ету және ақшасын жоғалту қаупі төнеді.

Олардың жұмыс істеу схемасы мынадай: Сіз интернеттен несиені тез және оңай рәсімдейтін және төлем картасына қажетті соманы алуды ұсынатын сайтты табасыз. Бұдан әрі сіз жеке деректерді толтырасыз, өтінімді ресімдеуді аяқтайсыз, БІРАҚ керек ақша сізге түспейді.

Дәл сол кезде (немесе сәл кейінірек) сіз өтінімде көрсеткен ақпаратты алаяқтар алаяқтық мақсаттарда пайдаланатын болады. Өйткені, несие алу үшін жеке куәліктің көшірмесі мен несие картасының мәліметтері жеткілікті.

Ең жиі кездесетін қателік - клиенттер өзі туралы ақпаратты қызметтерді алу немесе көрсету кезінде қалдырады. Алаяқтар оған қол жеткізіп, содан кейін МҚҰ-ға несие ресімдеуге сұрау жібереді. Тиісті тексеру жүргізбейін кейбір сайттар қарыздарды мақұлдауы мүмкін.
Бүгінде адамдар микронесиелерді көбінесе электрон тәсілмен рәсімдейді. Бұл операциялар жеке кабинеттерде, мобильді қолданбаларда және тіпті терминалдарда қол жетімді. Қарыз құрылған тұзақ болуы мүмкін: мұндай жағдайда сіздің жәбірленуші екеніңізді дәлелдеу қиынға соғады. 

Айта кету керек, қазіргі уақытта онлайн-кредиттермен алаяқтық фактілерін болдырмау үшін клиенттерді сәйкестендіру бойынша талаптар жөнге келтіріліп жатыр. Осылайша, онлайн-микрокредиттер беру кезінде МҚҰ клиенттері үшін жеке басын анықтаудың жаңа тәртібі қабылданды. Енді онлайн-кредит алу үшін электрон-цифрлі қолтаңба (ЭЦҚ), биометриялық сәйкестендіру және екі факторлы аутентификация (мысалы, sms-хабарламамен бірге логин және пароль) бойынша өз әрекетіңізді растау қажет.

Бірақ алаяқтар алдаудың басқа жолдарын табады. Соның ішінде олар бағдарламалық жасақтамаға қол жеткізуге немесе алаяқтарға ақшаны өзіңіз беру салу үшін сіздің сеніміңізге кіруге тырысады.

Қалай қорғанамыз?
МҚҰ-ға микрокредит алу үшін жүгінер алдында: таңдалған компанияның МҚҰ-ның мемлекеттік тізілімінде бар-жоғын тексеріңіз. Бұл өзіңізді алаяқтар мен жалған сайттардан қорғауға көмектеседі.
 
Сонымен қатар:
1. Қырағы болу.
2. Жеке деректеріңізді таратпау.
3. Үшінші тұлғаларға өз құрылғыларыңызға кіруге рұқсат бермеу.
4. Қажетті әрекеттерді уақытында жасау үшін egov.kz сайтында несие тарихын жиі тексеріп отыру.