Новости

Несие алу кезіндегі алаяқтық әрекеттер немесе «көмекші» болғысы келетіндер

Жаңалықтар
Алаяқтықтың жаңа схемаларының бірі–несие брокерлерінің қызметі. Бұл жасырын алаяқтықтың ең танымал түрі, онда алаяқтар «несие ресімдеу кезінде көмекші"рөлін атқарады. Олардың барлығы бірдей емес. Несие брокерлерінің көпшілігі адал жұмыс істейді және сізге тиімді несие талаптарын таңдауға және уақытты үнемдеуге көмектеседі. Бірақ "қара" брокерлерге тап болу қаупі бар. Бұл мақалада біз алаяқтардың қалай әрекет жасайынынталдаймыз.

Несие брокерінің қызметтері


Схема қарапайым: әдетте қара брокерлер өз қызметтері үшін аванс алады, оны қайтарып алу мүмкін емес. Сонымен бірге олар жұмыс жасап жүргендейболады: банкке өтініш жібереді, келіссөздер жүргізеді, сұрақтар қояды және т.т.

Нәтижесінде: сізге қарыз беруден бас тартылады! Ал алаяқ тіпті жанашыр болып көрінеді және жүйенің белгісіз себеппен бас тартқанына сендіреді. Бұл тіпті таза түрдегі алаяқтық емес, бұл бір ресми несие беру процесі сияқты, оны кінәлау мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда "жолыңыз болмады!». Бірақ аванс сізге қайтарылмайды


Дүкенде несие ресімдеудегі көмек


Алаяқтықтың тағы бір тәсілі бар, ол дүкендерде несие алу кезінде кездеседі. Бұл тұрмыстық техниканы сатып алу кезінде пайда болатын жасырын алаяқтықтың бір түрі.

Алаяқтық схемасы келесідей: сізге өте қымбат жабдықты, мысалы, теледидарды сатып алу ұсынылады, бұл ретте делдал оны екі есе бағамен өтеуін төлеп алатыныңызға кепілдік береді. Сіздібұл схеманың өте қарапайым және жұмыс істейтінін айтып сендіреді, сонымен қатар олар барлық несиені төлеп қана қоймай, «сыйақы»алуға болатындығымен сізді қызықтырады. Ірі желілік дүкендер өздерінің имиджін сақтау үшін бұндай несие схемасына жол бермеуге тырысады, бірақ кейде бұндай жағдайлар кездесіп жатады.

Бір қарағанда, бәрі дұрыс және шын сияқты болып көрінеді, бірақ іс жүзінде СІЗ Банкпен несиекелісімін жасайсыз, ал делдалдың сізге берілген несиені тиісті түрде төлейтіндігіне кепілдік жоқ. Нәтижесінде сіз үлкен қарыздармен және техникасыз қаласыз.

Есіңізде болсын: мұндай схемаларға сенбеңіз, әсіресе егер олар сізден несие шартының түпнұсқасын сұраса және 5 минуттан кейін сіз бай боласыз деп уәде берсе – бұл нағыз алаяқтық.  Сіздің қолыңызда несие шартының түпнұсқасы болмаса, сіз қандай да бір кәсіби заңгерге жүгінсеңіз де, бұл жағдайдың алаяқтық екенін сотта дәлелдей алмайсыз.

Несие картасын немесе тауар несиесін рәсімдеу кезінде несие алаяқтығының құрбаны болмас үшін:
  • Делдалдарға өзіңіздің жеке деректеріңізді айтпаңыз, жеке куәлігіңіздің, жүргізуші куәлігіңіздің және тағы да басқа құжаттарыңыздың түпнұсқаларын бермеңіз.
  • Егер, делдалдар сізге делдалдық қызмет туралы шарттың түпнұсқасын ұсынбаса – бұл алаяқтықтың алғашқы белгісі, мұндай брокерлерге ешқашан сенбеңіз.
  • Егер, сіз брокерлік топқа тап болсаңыз, алдаудың бірінші белгісі – олар комиссияларды алдын ала төлеуді талап етеді.
  • Несие брокерінде офис және оның сайты болады, міндетті түрде ол туралы пікірлер мен кепілдемелерді оқыңыз.
  • Несие алу кезінде үшінші тұлғалар уәде беретін кепілді табысқа сенбеңіз, өйткені бұл алаяқтық белгілерінің бірі болып табылады.

Несие ресімдеу кезінде  алдаудың құрбаны болмас үшін әдемі уәделер мен кепілдіктерге сенбеңіз, брокерлерді тексеріңіз, абай болыңыз.