Новости

Жұмадағы сатылым кезіндегі алаяқтық: рождестволық сатылым кезінде қалай алданбауға болады

Жаңалықтар
Жыл сайын қарашаның әр соңғы жұмасында үлкен сатылым өткізіледі — Black Friday немесе Жұмадағы сатылым

Тарихына тоқталсақ:
Осы күні сатылым өткізу дәстүрі ХХ ғасырда пайда болды, ал "жұмадағы сатылым" термині алғаш рет 1966 жылы Филадельфияда қолданыла бастады. Ол Ризашылық күнінен кейін  жұма күні жолда туындайтын қатты кептелістерді білдірді.
ывс
"Black friday"-дан дәстүрлі рождестволық сатылым маусымы бастау алады. Бұл күн ресми мереке болып саналмайды, бірақ көптеген адамдар дүкенге бару үшін демалыс алады. "Black friday"-да дүкендер таңертең 5-те ашылады, ал кейбір сауда желілері тіпті түн ортасынан бастап жұмыс істей бастайды, өйткені сатып алушылардың саны өте көп болады.

"Black friday"-да интернет арқылы қауіпсіз сауда жасау

2021 жылы жұмадағы сатылым 26 қарашаға тұс келеді. Сауда орталықтары, онлайн-дүкендер және бөлшек сауда дүкендері 90% дейін жеңілдіктер жариялайды. Жеңілдіктерге қызығып жүріп, көптеген сатып алушылар қырағылықты жоғалтады, ал бұл алаяқтар үшін ыңғайлы. Қылмыскерлер ақшаны ұрлап қана қоймай, тіпті жеке деректерді де білуге тырысады.

Ең қауіпті айла-тәсілдің бірі – танымал интернет алаңдарының жалған сайттары. Жалған сайттардан тауарларды сатып алу кезінде, адамдар алаяқтарға өз ақшасын береді, бірақ оның орнына ештеңе алмайды. Бұндай айла-тәсілге түспеудің ең оңай жолы — браузердің мекен-жайлық жолына назар аудару. Онда «Жабық құлып» көмек-белгісі бар, ол интернет-ресурсқа қауіпсіз қосылуды білдіреді.

Егер сенімді болмасаңыз, жарнама хабарламалары арқылы сайттарға кірмеңіз.

Ақшаңыздың сақталуын толық қамтамасыз ету үшін осы 5 кеңесті орындаңыз.


Алаяқтардың құрбаны болмауға көмектесетін 5 қарапайым ереже

·       Жеке карта.
Жұмадағы сатылымда сауда жасау үшін жеке банк картасын ашыңыз да оған шығындар лимитін орнатыңыз. Бұл сізді жалған сайтқа кіріп қойсаңыз да, көп көлемде ақша сомасын жоғалтудан сақтайды.
·       Антивирус орнатыңыз және тек қауіпсіз Wi-Fi қосылымдарын пайдаланыңыз.
Қоғамдық Wi-Fi желілері алаяқтардың шабуылына ұшырауы мүмкін. Олар арқылы сауда жасай отырып, сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді жария етесіз. Ал сенімді антивирус сіздің құрылғыңызды қауіпті бағдарламалар мен вирустардан қорғайды.
·       Сайттың атауына назар аударыңыз.
Интернетте көп жағдайда ірі брендтердің жалған сайттары пайда болып тұрады. Сауданы тек сенімді интернет-дүкендерде жасаңыз.
·       Банктерден келетін хабарларды мұқият оқыңыз.
Алаяқтар ақшаны жымқыру үшін «Жұмадағы сатылым» кезіндегі дүрлігуді арнайы пайдаланады. Олар банктен келетін смс түрінде жалған және қауіпті сілтемелері бар хабарламалар жібереді. Сондықтан банктердің атынан келетін смс-ке назар аударыңыз және күдікті сілтемелерді ашпаңыз.
·       Өз аккаунтыңыз бен пароліңізді қорғаңыз.
Көптеген интернет-ресурстарда әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы авторизациялауға болады. Осындай жолмен қаскүнемдер тек аккаунтыңызға ғана емес, жеке деректеріңізге де қол жеткізе алады. Бұған жол бермес үшін, әсіресе бұрын сауда жасамаған жерден сауда жасауды жоспарласаңыз алдын-ала интернет-дүкенде бірегей парольмен профиль жасаңыз.

Есіңізде болсын: тек сіздің қырағылығыңыз бен сақтығыңыз ақшаны сақтауға және саудаңыздың ойдағыдай болуына мүмкіндік береді.

Интернеттен қауіпсіз сатып алу жөнінде көбірек кеңес алу үшін blog.alfabank.kz  сайтындағы жаңалықтарды қарап жүріңіз.

Әр істе – сақтық керек!