Новости

Алаяқтардан жаңа жылдық тосынсыйлар: ең танымал айлалар

Жаңалықтар
Жаңа жыл қарсаңында қаржы алаяқтары белсенді бола бастайды. Мереке күндері қылмыскерлер қандай амалдарды жиі қолданатынын және оларды қалай тануға болатынын қарастырайық.

Телефон алаяқтары және олардың әдістері
Жаңа жыл қарсаңындағы ең танымал айла-тәсілдердің бірі «вишинг» деп аталады — телефон алаяқтығының бір түрі. Айлалы әрекеттер мен әлеуметтік инженерияны қолдана отырып, қылмыскерлер қоңыраулар мен смс арқылы төлем карталарының деректерін: карта нөмірі және CVV коды алуға тырысады. Әңгіме барысында олар өздерін: банк қызметкерлерінен бастап салық және құқық қорғау органдарының өкілдеріне дейінгі лауазымда таныстырады. Фишингтік сілтемелері бар смс жібереді және оларға сіздің деректеріңізді беруге иландырады.

Бейтаныс нөмірлерден келетін қоңыраулар мен SMS-ке ерекше назар аударыңыз. Бұл алаяқтар болуы мүмкін!

Тағы бір айла-тәсіл «Жинақталған бонустармен» байланысты. Клиенттерге дүкенде жасаған сауда үшін немесе банктегі жинақталған бонустар туралы қоңырау шалып, хабарлайды. Алаяқтар әр түрлі сөйлесу сценарийлерін қолданады, бірақ бәрінің сұрайтыны: «Банктік картаңыздың нөмірін және артқы жағындағы үш таңбалы кодты айтыңыз". Егер бейтаныс адаммен сөйлесу кезінде осындай өтініш айтылса, онымен кез-келген қарым-қатынасты тоқтатыңыз.

Ұтыс ойындары мен акциялар туралы ақпаратты әрдайым банктердің/дүкендердің ресми телефондары арқылы нақтылаңыз және ешқашан жеке мәліметтеріңізді жария етпеңіз.



Қауіпті онлайн-шопинг
Жылдан жылға ең көп таралған қылмыстық схема онлайн алаяқтық болып  қала береді. Онлайн шопинг жасар алдында сақталуы тиіс бірнеше ұсыныстар:

  • Сатушының профилін зерттеңіз.
Жақында тіркелген аккаунттармен ерекше қырағы болу керек. Сондай-ақ, сатушының рейтингін ескерген жөн, бірақ бұл оның сенімді екендігіне жүз пайыз кепілдік бермейді.
  • Алдын ала төлем жасамаңыз.
Егер сатушы тауардың бір бөлігін сатып алу-сату шартынсыз алдын-ала төлеуді сұраса, онымен қарым-қатынасты дереу тоқтатқан дұрыс.
  • Күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз.
Алаяқтар көбінесе фишингтік сілтемелерді SMS немесе мессенджерлерде пайдаланады. Олар арқылы клиент жеткізіп беруді рәсімдеп, сатып алу ақысын төлей алады. Шындығында, бұл сілтемелер сіздің жеке деректеріңізді ұрлайды
  • Сатушыға жеке қоңырау шалуды немесе кездесуді ұсыныңыз.
Егер, телефон арқылы сөйлесуден немесе жеке кездесуден бас тартса алаяқтың нақты сатушы еместігі білінеді. Бұл жағдайда «сатушымен» қарым-қатынасты тоқтатқан жөн.

Әрқашан қырағы болыңыз және біздің ұсыныстарымызды ұмытпаңыз. Сонда сіз кез-келген алаяқтың арбауына түспейсіз.

Алаяқтық айла-тәсілдер мен олардан қалай қорғану керектігін білу үшін сайттағы жаңалықтарды қадағалаңыз blog.alfabank.kz.
Әр істе – сақтық керек!

Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен!