Новости

Алаяқтардан қалай сақтануға болады

Жаңалықтар
Әлеуметтік инженерия саласында алаяқтықтың өршіп жатқаны байқалады. Іnfoalmaty.kz сайтындағы азаматтардың деректері көпшілікке қолжетімді болып қалған болуы мүмкін.

Мүлдем таныс емес тұлғалардың қоңырау шалуы

Механизмі: Сізге «Банктің қауіпсіздік қызметі», «Құқық қорғау органдары», «таныстар» немесе тіпті «туыстар» және т.б. сияқты бөтен тұлғалардан шұғыл түрде төтенше жағдайды шешу үшін жылдам ақша аудару керек деген өтінішпен қоңырау келіп түсті.
Қауіп: Алаяқтарға ақша аудару.
Қармаққа түсіп қалмау үшін: Байбалам салмаңыз және аздап сабырлық сақтаңыз. Ақпаратты сақтау шараларын қабылдаңыз.
Сіз әрдайым қосымша ақпарат алу үшін Банкке немесе құқық қорғау органдарына қоңырау шала аласыз, сондай-ақ болған жағдайды растау үшін таныстарыңызбен және туыстарыңызбен хабарласыңыз. Содан кейін ғана қандай да бір әрекет жасаңыз!

Интернеттегі сатылым

Механизмі: Сіз интернетте жылжымайтын мүлікті, автомобильді немесе жеке заттарды сатуға шығардыңыз. Қаскүнемдер сізбен телефон арқылы байланысып, сатып алушымын деп банк картаңызға кепілақы аудару туралы келіседі. Көбінесе алаяқтар асықтырып, олармен үнемі байланыста болуды сұрайды. Төлем картаңыздың нөмірін біліп алған соң алаяқтар картаның нөмірі бойынша клиенттің шотына қашықтан қол жеткізуді тіркеуге әрекет жасайды. Ол үшін сізден SMS-хабарламадағы кодты айтуыңызды сұрайды. Осы жерде төлем қате аударылды, төлемнен бас тарту қажет немесе аударымды растау керек деген әртүрлі сылтау айта бастайды.
Қауіп: Алаяқтар сіздің ақшаңызды – төлем картаңызды пайдалану мүмкіндігіне ие болады. 
Қармаққа түсіп қалмау үшін: Қандай сылтау айтса да картаңыздың толық нөмірін және бір реттік SMS-кодты үшінші адамдарға бермеңіз.

Егер дөрекі әрекеттерді байқасаңыз, әңгімелесу барысында күмәнді операциялардың болған-болмағанын тексеріңіз.

Егер алаяқтарға қандай да бір ақпаратты айтып қойған болсаңыз, бірден банкке қоңырау шалыңыз және болған жағдай туралы айтыңыз.


Antifraud@alfabank.kz,
8 (727) 2590501 ішкі 4747.

Альфа-Банкпен ресми байланысу арналары https://alfabank.kz сайтында көрсетілген.