Новости

АЛАҚАЙ, ДЕМАЛЫС!

Жаңалықтар
Демалыс кезінде көптеген мектеп оқушылары ата-аналарының есепшоттарына байланыстырылған немесе өздеріне тіркелген (егер жеке куәлігі болса) банк карточкаларын пайдалана отырып, белсенді түрде онлайн-ойындар ойнауға кіріседі, әртүрлі қосымшаларға жазыла бастайды.

Алаяқтардың бұған қандай қатысы бар деуіңіз мүмкін??? Алаяқтар онлайн-ойындарды балалардан артық қолданбаса да, кем қолданбайды, бірақ олардың өзіндік себептері бар. Виртуалды әлемде қырағылық әлсіреді, ал мектеп ойыншылары алдауды байқамауы мүмкін. Алаяқтар жас ойыншылардың «ең керемет» болуға деген ұмтылысына назар аударады.

«Супер қару», «рейтингте көтеріл», «жаңа фильмді бірінші болып көр» және т.б. Балалар бұл «супер қарулар» неге басқа ешкімде жоқ екендігі жайында еш ойланбай бұл батырмаларды қуана басады. Содан кейін бәрі бірдей схемамен жүреді. Карта иесінің нөмірін, аты-жөнін, картаның жарамдылық мерзімін, CVV және SMS кодтарын енгізіңіз. Болды! Ақша судай ағып кетеді. Бұған қоса, олар ешқандай да супер затты бермейді. Бұл әрине көңіл қынжылтады

Осылайша, шоттан белгілі бір сома алынады (орта есеппен 1000-2000 теңге) немесе қандай-да бір қызметке ақылы жазылым жасалады (күніне 100-500 теңге). Ата-аналар ақшаның қайда кететінін білген кезде, шоттан едәуір көп сома жоғалады.

Интернет-сатып алулардың негізгі ережесі: шоттан ақша алу ата-аналардың бақылауында болуы керек.

  1. Балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сіз онымен мүмкіндігінше ерте дұрыс қаржылық мінез-құлық ережелерін талқылауыңыз керек.

  1. SMS немесе PUSH хабарламаларды барлық банк карталарына қосыңыз. Осылайша сіз күдікті сатып алуларды бірден байқап, картаны уақытында бұғаттайсыз.

  1. Баланың картасына көп мөлшерде ақша аудармаңыз. Сонымен қатар, алаяқтар картадан бүкіл ақшаны бірден ұрлап үлгермеуі үшін, карта бойынша тәулігіне ақша алу сомасын немесе операциялар санын шектеуге болады.