Новости

Интернеттегі қауіпсіздік жөніндегі жаднама

Жаңалықтар
Осы мақалада біз сізге Интернет желісінде сақталуға тиіс бірнеше кеңес береміз. Сонда сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі сақталады, ал қаражаттарыңыз – аман қалады

Деректеріңізді енгізгелі жатқан сайтыңыз қауіпсіз бе?

Интернетті шарлап жүріп, жеке деректеріңізді (төлем картасының деректері) веб-парақшаның қауіпсіз шифрланған байланыспен қорғалғанына көз жеткізу керек. Оны былай істеуге болады

1) веб-мекенжайдың басында https әріптері көрсетілуге және жабық құлып таңбасы болуға тиіс. Логин мен құпиясөзді енгізер алдында байланыстың қорғалғанын тексеру керек. Егер сайт мекенжайының алдында https префиксінің (мұндағы «s» - secure- қауіпсіз екенін білдіреді) тұрғанын көрсеңіз, демек уайымдаудың қажеті жоқ;

2) одан басқа, веб-мекенжайдың барлық әріптерінің сізге қажетті веб-мекенжаймен сәйкес келетініне көз жеткізу керек (мысалы, https://alfabanlk.kz/ және https://alfabank.kz/ салыстырып көріңіз);

3) сонымен қатар, whois.net, pr-cy.ru немесе cy-pr.com сервистерінің көмегімен интернет-ресурсты тіркеу күнін тексеруді ұсынамыз. Ұсынылған сайттардың біріне кіру және іздеу жолына домендік атауды енгізу, одан кейін «Тексеру» батырмасын басу керек. Доменді тіркеу күні жазылған жолға назар аударған дұрыс. Алаяқтардың ресурстары хостинг-провайдер тарапынан доменнің жұмысы уақытша тоқтатылатындықтан, бір-екі айдан артық жұмыс істемейді.

!!! Өтейін деп отырған сілтемені: байланыстың қорғалған-қорғалмағанын, сайттың атауында әріптердің шатастырылмауын әрдайым мұқият тексеріңіз. Егер жазылуында қандай да бір қателіктер болса, бұл нағыз жалған парақшаның белгісі.

Төлем карточкасының деректері деген не?

Қолма-қолсыз төлемдер саны өршіп бара жатқан заманда жалған кредиттік ұйымдар сайттарының, төлем карталарының деректемелерін ұрлайтын төлем жүйелерінің жасалу жағдайлары көбейді. Олардағы қаскүнемдер құпия ақпаратты: карта нөмірін/PAN (картаның 20-таңбалы нөмірін), жарамдылық мерзімін, ұстаушының атын, сондай-ақ ПИН-кодты және картаның артқы бетінде көрсетілген CVC/CVV-кодты енгізуді сұрайды.

Қарапайым ережелерді сақтаңыз:

1) төлем картаңыздың фотосуретін еш жерде жарияламаңыз, суреттерін әлеуметтік желілер арқылы жібермеңіз. Картада алаяқтар пайдалануы мүмкін дербес деректер бар;

2) тауарларды тек қана достарыңыздан және таныстарыңыздан олар туралы білуге, Интернет желісінде пікірлерді көруге т.с.с. болатын тексерілген сайттардан сатып алыңыз. Іздестіру жүйелері (Яндекс тәрізді) сауда алаңының сенімді екендігінің көрсеткіші болып табылатын Интернет-дүкендердің рейтингтерін жариялайды. Әлеуметтік желілерде ештеңе сатып алмаған жөн. Жазбаша келісімшарт жасамай жатып, биржада ойнау үшін азаматтардан ақша қаражаттарын алатын брокерлерге сенбеңіз;

3) тауарларды онлайн сатып алу үшін ішінде тауар сатып алуға ғана жеткілікті аздаған лимиті бар бөлек карта болған дұрыс.