Новости

Клиенттердің ақшасын қорғау бойынша Альфа-банк жұмысының нәтижелері

Жаңалықтар
2020 жылы біз клиенттердің ақшасын қорғайтын «Антифрод» атты жаңа жүйені енгіздік. Жүйе мобильді қолданбада, интернет-банкингте, терминалдар мен банкоматтарда онлайн және офлайн транзакцияларды тексереді. «Антифрод» әрбір күдікті транзакция сайын оны дәл әрі жылдам анықтауды үйренеді. Қазіргі таңда егжей-тегжейлі талдау үшін жүйеге жарты секунд қана қажет.

Егер жүйе ақша операциясын күдікті деп анықтаса, оны тексерудің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде әрбір транзакция клиенттің міндетті қатысуымен банк қызметкері тарапынан өңделеді. 5 минуттан аспайтын мұндай тексеру мәселені жылдам шешуге мүмкіндік береді.

«Альфа-Банк әлемдік алаяқтықтың өсу үрдісі аясында клиенттердің ақшасын қорғау үшін заманауи технологиялық шешімдерді енгізуде. Біз алаяқтардың амал-айлаларына қалай түспеу керектігін айтып, ең көп таралған алаяқтық схемалар туралы ақпарат береміз», – дейді Альфа-Банк басқарма төрайымы Алина Аникина.

2020 жылы Қазақстанда интернет-алаяқтық алдыңғы жылмен салыстырғанда 50%-дан астамға өсті және 9 мыңға жуық оқиғаны құрады. Осыған байланысты, 2021 жылы «Антифрод» жүйесі 4 есеге дейін көп алаяқтық жағдайларын тіркей бастады. 36 миллион транзакцияға талдау жасалды, оның 50 мыңға жуығы күдікті болса, 1500-і алаяқтық деп танылып, тоқтатылды.

2 жыл ішінде «Антифрод» алаяқтардың қолынан 1,3 миллиард теңгені сәтті қорғап қалып, клиенттердің шотына қайтарды. Осы технологияны дамыту арқылы біз өз клиенттеріміздің ақшасын қорғау тиімділігін арттыруды және қаржылық қауіпсіздік бойынша тегін блогтың көмегімен клиенттерді алаяқтардың ықпалына түспеу жолдарын үйретуді жоспарлап отырмыз.