Новости

Альфа-Банк қаржылық қауіпсіздік бойынша Қазақстандағы алғашқы балалар форумын өткізді

Жаңалықтар
4 қарашада Алматы қаласында алаяқтықпен күресу бойынша Қазақстандағы бірінші балалар форумы өтті. Идеяның бастамашысы әрі іс-шараның ұйымдастырушысы Альфа-Банк Қазақстан болды. Форумға банк қызметкерлерінің 10-15 жас аралығындағы балалары қатысты. Аталмыш іс-шара банктің бас кеңсесінде өтті.

Альфа-Банк азаматтарды, соның ішінде балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуге үлкен үміт артады, өйткені олар алаяқтар үшін неғұрлым осал топ болып табылады. Осыған орай, қаржылық қауіпсіздік туралы білімнің ерте жастан қалыптасуы үшін балаларға арналған форум ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Банк алдыңғы қатарлы қауіпсіздік технологияларын қолдана отырып, алаяқтықпен күресуде белсенді позицияны ұстанады.

«Өткен жылы біз кибералаяқтықтан қорғаудың кросс-арналық «Антифрод» жүйесін енгіздік, ол тек банктің цифрлық арналарын ғана емес, сонымен қатар интернетте пластикалық карталармен жүргізілетін операцияларды, банкоматтарды және пос-терминалдарды да қорғайды. Біз барлық жастағы азаматтар үшін қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздікті арттыруға арналған тақырыптық форумдар ұйымдастырамыз. Осы іс-шара арқылы біз өскелең ұрпаққа цифрлық шындықтың қауіп-қатерлерінен хабардар болуға және алаяқтық операция жағдайларын барынша азайтуға көмектесеміз», — деп атап өтті Альфа-Банк Басқарма Төрайымы Алина Аникина.


 Шараға 50-ден астам бала қатысты. Форумда үш үлкен тақырып қозғалып, балаларға алаяқтықтың түрлері мен кең таралған әдістері туралы айтылды. Алаяқтардың құрбанына айналмау үшін өздерін және өз деректерін қалай қорғау керектігі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, презентацияларға Комплаенс бақылау департаменті қатысты. Олар комплаенс бақылау рәсімдерінің маңыздылығы, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру схемасына түспеу туралы ақпаратпен бөлісті. Бағдарлама материалды жақсырақ игеру үшін ойын түрінде өтті.

Альфа-Банк Қазақстан нарығында 27 жылдан астам қызмет етіп келеді. Банктің тұрақтылығы мен сенімділігін Fitch Rating (BB-) және Standard&Poor’s (BB/B) бірнеше жыл қатарынан растады.
Альфа-Банк Қазақстан штаб-пәтері Люксембургте орналасқан ABH Holdings S.A. жеке халықаралық холдинг компаниясының құрамына кіреді. ABHH холдингінің инвестициялары Нидерланд, Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанда шоғырланған. Альфа-Банктің филиалдық желісі Қазақстанның 14 қаласында ұсынылған. Қаржы институты жеке және заңды тұлғаларға қаржылық қызметтердің толық кешенін көрсетеді.

*03.02.2020 ж. № 1.2.61/237 ҚНРДА лицензиясы