Альфа-Банк

Антифрод – Қазақстан
№ 1 форумы

2021 жылы 25 маусымда Альфа-Банк ҚР аумағында алғашқы «Антифрод – Қазақстан № 1 форумын» өткізді.

Форумның негізгі бағдары: «Бірігу арқылы алаяқтардың өмірін қалай қиындата аламыз?».

Форумды Альфа-Банк командасы ұйымдастырды. Біздің мақсатымыз әріптестермен және барлық мүдделі тараптармен бірігіп, өз саласының мықты мамандары арасында тәжірибе және пікір алмасу болды.

Форумға Екінші деңгейдегі банктер мен ҚР Ұлттық Банкінің, сондай-ақ Ресейдің Орталық банкінің және байланыс операторларының өкілдері қатысты.

Форум аясында біз Антифрод автоматтандырылған жүйесін енгізуге байланысты негізгі мәселелерді талқылап, алаяқтарға қарсы тұруда және клиенттердің ақшасын қорғауда Банктер мен байланыс операторлары арасындағы жедел өзара әрекеттестік мәселелерін көтердік.

Ресейдің Орталық банкінен келген әріптестер Ресей Федерациясындағы алаяқтықпен күресудің инновациялық тәсілдерімен бөлісті, жоғары технологиялы антифрод-шешімдерін жасаушы компаниялар осы саладағы жаңалықтар туралы баяндады.

Банк өкілдерімен қаржылық алаяқтықтың жаңа схемаларын талқыладық, сонымен қатар Банктер үшін басты құндылық – Клиентті қорғау жолындағы қарсыласу мен күресу тәсілдерімен бөлістік.

Форум алаяқтыққа қарсы күресте Банктердің байланысына жаңа серпін берді.

Бәрекелді!

Фотогалерея
Форумға қатысушылар
Қатысушылардың кері байланысы
Біздің команда Форум қонақтары мен қатысушыларынан көптеген оң пікірлер алды
Anton Okoshkin
BI.ZONE
Ұйымдастырушылар жарайсыздар! Конференция бірінші рет өткізіліп отырса да, шын жүректен жасалды! Қатысу мүмкіндігі үшін рақмет! Біздің ойымызша, іс-шара өте қызықты әрі сындарлы болды.
Омаров Тимур
Bank RBK
Форум өте жақсы өтті деп ойлаймын, бірақ нақты кейстерді талдау, ақпарат алмасу және қара тізімдер үшін әр банктен бір-бір өкіл қатысатын қосымша шағын топ құру қажет сияқты.
Дина Сәрсенбаева
ЦентрКредит Банкі
Іс-шараны ұйымдастырғандарыңыз үшін рақмет. Өте пайдалы контент пен қызықты спикерлер болды.
Күрделі тақырыптар талқыланғанына қарамастан, бізге жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйладыңыздар.
Іс-шараға жауапкершілікпен қарап, кәсібилігіңізді көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Олжас Есімбеков
Jusan Bank
Форумды ұйымдастырғандарыңызға рақмет. Жалпы керемет әсер қалдырды.
Дария Уралбаева
«Сбербанк» АҚ ЕБ
Форумды ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін! Ақпаратқа толы, жемісті, тиімді әрі пайдалы болды!
Иван Личманов
Why Happen
Іс-шара өте керемет, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қызу пікірталастар өтіп, қызықты контентке толы болды.