Алаяқтардың құпиялары. Құпиясы ашылды
Сіз бәрі оңай деп ойлайсыз ба?
Иә, бәрі оңай. Бірақ мүлде олай емес.
Альберт Эйнштейн

Қателескенді ұнатасыз ба? Жоқ? Мен де.

Қателіктер әртүрлі болатыны мәлім – қамықтыратын және шарасыз, уақыт алатын, ақшадан айыратын немесе жаңалық сыйлайтын. Қалай болғанда да бұл тәжірибе. Олар бізді кәсіпқойға айналдырады. Солардың арқасында біз мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін табамыз. Сөйтіп, бұдан кейін нені ешқашан жасамайтынымызды анық білеміз.

Достар, бүгін біз ақшаңыздан, уақытыңыздан және жоғары көңіл-күйден айрылғыңыз келмесе, ешқашан жасауға болмайтын кейбір қателіктер туралы айтып береміз. Басқалардың қателіктеріне қарап үйренген жақсы емес пе?



Адамды қалай «сындыруға» болады

Әлеуметтік инженерияның не екенін білесіз бе? Бұл сіздің қарапайым адами әлсіздіктердің – қорқыныштың, қызығушылықтың, жанашырлықтың кесірінен құрбанға айналуыңыз. «Мен кіммін?» фильмінің кейіпкерлерінің бірі бұл ұғымды осылай түсіндіреді:
Әлеуметтік инженерия – ол не
Оны түсіндік. Енді оның қалай іске асатынына көшейік.


Алдау өнері

Мысалы, сізге банктен хабарласты. Олар сіздің шотыңыздан қомақты сомадағы ақшаның шығынға жазылғанын айтты. Оны істеген сіз емес пе? Онда дереу төлемді кері қайтарамыз. Ол үшін келесі жеке деректеріңізді жылдамдатып айтып жіберіңіз… Сөйтіп, сіз маңдай теріңізбен тапқан ақшаңызды тездетіп қайтару үшін сізден сұраған ақпараттың барлығын жайып саласыз.
Немесе мынадай мысал. Сіздің поштаңызға сүйкімді марғаулардың, гүлдердің суреті салынған хат немесе лотерея ұтып алғаныңыз туралы хабарлама келеді. Жөнелтушінің білмейсіз, бірақ бәрібір емес пе? Әйтеуір, сүйкімді екен дейсіз. Содан кейін хаттағы сілтемені басасыз – ішінде не жазылғаны қызық боп тұр.
Әлеуметтік инжененрия – ол не
Мұның барлығы алаяқтықтың «Әлеуметтік инженерия» деп аталатын классикалық мысалдары.


Қорғанамыз!

Сонда не істеу керек? Асықпаңыз, тоқтай тұрыңыз, өзіңізден өзіңіз «Осының бәрі шынымен рас па екен?» деп сұраңыз.

Иә, бұл кейде асықпаудың пайда әкелетін жағдайының нақ өзі.

Қателіктерді болдырмау үшін осы саладағы сауаттылықты міндетті түрде арттыру керек. Өкінішке орай, дәл сол әлеуметтік инженерия туралы кітап жоқ. Кітап дүкеніне барып сатушыдан: «Әлеуметтік инженерия туралы жақсы кітаптар бар ма?»- деп сұрасаңыз, сатушының алдымен таңғалатыны, содан кейін сізді «Ғылым және техника» бөліміне жіберетіні сөзсіз.



Құпиялар мен трюктарды ашамыз

Қандай ақыл-кеңес беруге болады? Швед авторы, психолог және менталист Хенрик Фексеустың «Қулық жасау өнері. Өзіңді қалай алдатпауға болады» кітабы сияқты адамның санасын бұрмалау және адамдарды басқару туралы керемет кітаптар бар.

Алайда егер сіз кітап оқығанды ұнатпайтын болсаңыз немесе оған уақытыңыз болмаса, оны сіздің орныңызға біз істейміз. Арнайы сіз үшін біз өз мақалаларымызда епті алаяқтардың кесірінен адамдардың түсетін жағымсыз жағдайларды, әртүрлі кейстерді жариялаймыз. Оларда егжей-тегжейлі талдаймыз және қармаққа түсіп қалмау үшін нендей жағдайларды ескеру керектігі туралы ақыл-кеңес береміз.
Әр клиент жүрегімізде

Альфа-Банктің өз клиенттеріне қамқор болатын, сондай-ақ оларға әрдайым және кез келген жағдайда көмектесуге, сонымен бірге олардың қателерін түзетуге тырысатын банктердің бірі екенін тағы да бір рет айтқымыз келіп отыр.

Алаяқтыққа қарсы әрекет жасау жүйесінің (Антифрод) енгізілуі – бұл сондай-ақ банктің өз клиентін қорғауға, оның кейбір әбестіктерінің салдарын түзетуге немесе алдын алуға ұмтылуы.

Біз сол үшін орасан зор жұмыс атқардық және біздің арқамызда әлем аздап болса да жақсарып келе жатыр?

Алайда біздің қолымыздан бәрі келе бермейді. Антифродқа сенгенімен, қапы қалма демекшіміз.

Достар, өздеріңіздің «сүйікті» қателіктеріңізбен бөлісіңіз, олардан қандай сабақ алдыңыз?